КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы – ақын,
журналист, заңгер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология
ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Ұлы Жібек Жолы» қоры тағайындаған
«Азамат» халықаралық сыйлығының иегері, республикалық бірнеше жыр
мүшәйралары мен байқауларының жүлдегері. 1962 жылы 7-ақпанда Оңтүстік
Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Аққұм ауылында, мектеп мұғалімінің
жанұясында дүниеге келген.
|