Пятница, 26.04.2024, 00:54
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
По городу и району [20]
Это мой город [3]
Аул [1]
Малый и средний бизнес [0]
Творчество юных [0]
Молодежь [0]
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Аул

КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы
КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы
  1. Егер тіркелген Ақын/Жазушылар өз беттеріңізді толтырып, оқырмандарыңызға өзіңіз туралы мәлімет ұсынғыңыз келсе, бізге өздеріңіз туралы ақпарат және суреттеріңізді massagan.com@gmail.com э-пошта арқылы жіберсеңіздер, біз, Сіздер үшін жеке беттеріңізді жасап береміз.
2. Жаңадан тіркелем деген ақындар да өз мәлімттерін massagan.com@gmail.com-э поштаға жіберуге болады, немесе сайтқа кіріп Ақын/Жазушы қосу деген жерден тіркелуге болады. Ақынның аты: КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы     
КӨПБАЕВ Темірғали Мұратбекұлы – ақын, журналист, заңгер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Ұлы Жібек Жолы» қоры тағайындаған «Азамат» халықаралық сыйлығының иегері, республикалық бірнеше жыр мүшәйралары мен байқауларының жүлдегері. 1962 жылы 7-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Аққұм ауылында, мектеп мұғалімінің жанұясында дүниеге келген. 1980 жылы сол ауылдағы орта мектепті, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, 2005 жылы Орта Азиялық университетінің заң факультетін тәмамдады. 1985 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, 1986 – 1990 жылдар аралығында ОҚО, Төле би аудандық «Төле би туы» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1990 – 1992 жылдары Алматыдағы «Қазақ университеті» баспасының жетекші редакторы, 1992 – 1994 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінің жауапты хатшысы, 1994 – 2000 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультеті, радиожурналистика кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің міндетін орындаушы қызметтерін атқарды. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі диссертациялық кеңесте 10.01.10. – журналистика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1999 жылы АҚШ-тағы Оклахома мемлекеттік университетінде арнаулы бағдарлама бойынша 1 семестрлік стажировкадан өтті. Орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 2001 жылдан бері көрнекті ақын-жазушылар мен ғалымдардың көптомдықтарын шығаруға бағытталған республикалық «Қазығұрт» баспасының директоры. «Көзмоншақ»(1988), «Қазақ радиодраматургиясы». Монография(2007), «Жаңғырық» (2007), «Кие» (2009), «Оңтүстік»(2009), «Қарапайым пайымдар» (2009) атты жеке кітаптары жарық көрген. Көптеген ғылыми-публицистикалық мақалалардың авторы. Жанұялы. Жұбайы, үш қызы бар. Байланыс телефондары: Үй: 8(727) 271-92-92 Ұялы: 8-701-777-9762 Электронды почта: askaktemir@mail.ru
Категория: Аул | Добавил: ленгер (19.08.2012)
Просмотров: 1558 | Теги: поэты | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Сделать бесплатный сайт с uCoz