Әр мұсылман сақтануы тиіс 17 күнә
Адам баласы Аллаға иман еткеннен кейін, Жәннаттан, Раббысының разылығынан үмітті болса, үлкен күнәлардан бойын аулақ ұстағаны жөн. Абдуллаһ ибн Аббас "Шура" сүресінің 37-аятындағы: "Олар үлкен күнәлардан және бос, мәнсіз істерден бойларын аулақ ұстайды, ашуланған кезінде өкпелерін іштеріне сақтайды, қасындағы адамның кемшіліктерін кешіреді" және "Нәжім" сүресінің 32-аятында айтылған: "Олар, жақсы адамдар, кіші кемшілік пен күнәлар болмаса да, үлкен күнәлардан, пайдасыз нәрселерден сақтанады. Сенің Раббыңның кешірімі ұлан-ғайыр", - деген аяттардағы үлкен күнәлардың мыналар екенін айтады:
Аллаға серік қосу;
Алланың рақымынан үміт үзу;
Алла тағаланың азабына ұшырамайтынына сенімді болу;
Ата-анаға қарсы шығу, туысқандармен байланысын үзу;
Жазықсыз жанды және мұсылманды өлтіру;
Ар-намысы таза, абыройлы, тұрмыстағы әйелге зина жаласын жабу;
Жетімнің малына қол сұғу;
Соғыс майданынан қашу;
Пайыз алу;
Дуа, сиқыр жасау және жасату;
Зина жасау;
Өтірік ант-су ішу және жалған куә болу;
➖Соғыс кезінде мемлекетке түскен олжа мен мемлекет қазынасын жымқыру;
➖Зекеттің жиналуына кедергі келтіру және зекет бермеу;
➖Арақ ішу;
➖Біле тұра намаз оқымау;
➖Сөзінде тұрмау.
Хадиша Ермекқызы
Барлық құқықтары қорғалған.
Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
|