Құдайдан қорқып соқыр болған қыз
Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады.
- Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған жер, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, - дейді,
- Мені ертіп бар, - деді Хасан Басри, - жолығып көрейін.
- Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде:
- Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де айырылыпсың, - дейді.
- Екі себептен соқыр болдым, - депті қыз, - біріншісі, егер бұл көзбен ақыретте Алланың жамалын көре алсам, қазіргі көрген дүние соның жолында садақа болсын. Екіншіден, ақыретте бұл көзбен Алланың нұр дидарын көре алмасам, онда мұның маған не керегі бар? Ондай көздің барынан да жоғы жақсы.
Бұны естігенде, Хасан Басри қыздың әкесіне қарап:
- Сен мені бұл жерге ақыл айт деп әкелгенмен, ақылгөй қызыңнан нағыз даналық сөз есіткіздің. Мұндай көкірек көзі ашық адамдарға жай көздің керегі бола қоймас, - деген екен.
Міне қараңыз, Алладан шын жүрекпен қорқудың деңгейі қандай!? Алла жанарымыздан айырмасын, бірақ Аллаға шынайы түрде құлшылық етуге жазсын! Алладан, ақырет күніен, қабір азабы мен тозақ азабынан қорқу, соған сай амал етуүлкен жауапкершілікті қажет етеді. «Бұл өмірде барлық адам бақытты, бірақ өздері білмейді» деген пайғамбарымыз ﷺ. Бұлай деуіне себеп, пенденің шүкірсіздігінен болса керек.
Алғашқы мұсылмандар Алла мен расулына ﷺ мықты тәуекел негізінде иман етті. Бірақ, көрешекті көріп, тауқыметті тартқан еді. Әрине, сабыр ете алмағандар да болды. Олар пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Сенің жолың дұрыс, бірақ біз саған ерсек, мүшріктер басымызға әңгіртаяқ ойнатады, жерімізден қуады», - деген еді. Хақ тағала олар жайлы мына аятты түсірді: «Дұрыс айтасың, бірақ саған ерсек, тура жолға түссек, жерімізден, мекенімізден айырыламыз» дейді олар. Анығында, өз тарапымыздан рақым ретінде Біз оларды әртүрлі егіс өнімдері әкелініп жиналатын, сенімді, ешкім қол сұқпайтын қасиетті өңірде (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ, олардың көбісі бұл нығметтің қадірін білмейді» («Қасас» сүресі, 57-аят). Көпқұдайшылар Алладан емес, мүшріктерден қорқып, тура жолдан адасып еді. Бардың қадірін білмей, туралыққа көзжеткізе алмағандар үшін Алла тағала аталмыш аятты түсіріп, ескерту жасады. Бұл аят қазір де өзектілігін жойған жоқ!
Рахманның рақымына бөленген халықтың бірі біздің тәуелсіз қазақ елі. Дініміз өркендеп, иманымыз кәміл осы бір бейбіт өмірімізде таңымыз шуақты, күніміз жарқын, намаз оқуға мешітке кіруге бар мүмкіндік жасалған. Біздің қоғамға ы нығметтерді түсініп, шүкір ету қажет. Шүкірсіздік пен қанағаттсыздықтан қорыққан абзал. Алланың қаһарына ұшырап қалудан қорыққан жүректе иман бар. Сондай-ақ, еліміздің бейбіт тыныс-тіршілігін бұзудан, өзгенің көз жасына қалып, қарғысына ұшыраудан қорқу керек. Алла тағаланың Самуд еліне, Нұх пайғамбардың (а.с.) қауымына және т.б. да қауымға жіберген азабын ұмытпағанымыз абзал. Жат ағымның саясатын ұстанып, елмен елді, мұсылман мен мұсылманды бір-біріне айдап салудан еш пайда болмайды. Ол - үлкен күнә. Сондықтан да, өзге ағымды ұстанып жүрген жамағатқа, ес жиып, ақылман амал етіп, тура жолға түс демекпіз. Бүгінгі имамдардан, ел басшыдан аяқ тартпағанмен Алладан қорқу керек. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) адам болудың жауапкершілігінің қандай ауыр екенін терең сезінген жан. Ол бірде жайбарақат жайылып жүрген мақұлықтарға қарап тұрып: «Әттең, ақыретте есеп бермейтін мына хайуан секілді немесе осылар жейтін өсімдік қана болып жаратылғанымда ғой...» деген екен.
Иманы кәміл ол кісі туралы құдіретті Алла «Рахман» сүресінің мына аятын түсірген: «Раббымыздың құзырына шығудан қорқатындарға екі жұмақ бар».
Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы
Барлық құқықтары қорғалған.
Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
|