Оңтүстіктегі жұмыстарды оң бағалады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов «Оңтүстік» индустиалды аймағындағы мамандарды дайындау орталығында болып, орта деңгейдегі мамандарды дайындау және қайта даярлау бағытында жұмыс атқаратын орталықтың жұмысымен танысты. Тыңдаушыларға арналған сыныптарды аралағаннан кейін өңірдегі арнаулы орта оқу орындарының басшыларымен дуальды білім беруге арналған жиын өткізді. Жақында ашылған Сайрам ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталығында Г.Наушақызына өңірдегі мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар баяндалды.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Үкімет басшысының орынбасары Г.Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жүйелі жұмыстарды оң бағалады.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі
|