Төлеби ауданы прокуроры
және сот орындаушылары
назарына
Төлеби ауданында неге соттың шешімдері орындалмайды?
Төлеби аудандық сотының шешімі 2018 жыл 27 желтоқсан күні шықты
және атқару парағы берілді. Онда жауапкер Жунусбеков Мухтар
Сералиевич 2019 жылғы 01 сәуірге дейін ерікті түрде заңсыз иеленген
жерді босату, яғни жалпы алаңы 0,00066 га құрайтын бөлігін қайтарып
беруге, өз бетімен салынған дүкен дуалын өзінінң есебінен бұзуға
міндеттелген еді. Арадан үш айдан астам уақыт өтті, бірақ ол
соттың шешімін орындауға асығар емес.
|